Сабақ 2.

Материал из Letopisi.Ru — «Время вернуться домой»
Перейти к: навигация, поиск
2008 жылдың 18 сәуірінде 29 топ оқушылары арасында Летопись желілік қызметтерімен байланысты, 

«Дербес компьютер» атты тақырыпта сабақ өткізілді. Сабаққа 15 оқушы қатысты.

Сабақтың мақсаты:Web-2 желілік қызметтердің жаңа әдістерін қолдануды, ұжым құрып, бірлесіп жұмыс істеуді үйрену. Бірлескен мақаланы жасау және толықтыру.

Тапсырмалар: - летописьте ұжым құру; - алдын ала берілген «Дербес компьютер» тақырыбында мақаланың мәтіндерін енгізу; - компьютер құрылғылары жайлы мәліметтер іздеу және бір үлкен нысанаға біріктіру - ұжым жұмысының нәтижесінде пайда болған мақаланы сараптау .

Сабақтың барысында әр оқушыға жеке-жеке тапсырма беріледі. 

Топта әр оқушы компьютердің бір құрылғысына сипаттама беріп, қажет сұрақтар бойынша мәліметтер енгізеді. Жұмыс соңында барлық жиналған ақпарат «Дербес компьютер» атты үлкен мақалаға біріктірілді. Топ оқушылары ұжымдық еңбектерінің нәтижесін алды, яғни олар компьютердің құрылғылары мақаласын жасап шығарды. Сөйтіп ұжымдық мақала пайда болады. Сабақтың нәтижесінде оқушылар жаңа оқу материалдарын өздігінен ұғынып, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуге дағдыланады. Өздерінің танымдылық қызметін арттырады. Летописи.ру жобасында жұмыс істеу тәжиребесін тереңдете түседі және мақала құрудың және оны түзетудің жаңа әдістерін меңгереді.


Сабақты жүргізген: Нургожина Эльмира, Рамазанова Айымгүл

Персональные инструменты
Инструменты